Құпиялылық саясаты
Бұл құжат ERKEK AI сервисі сенің қандай деректеріңді жинайтынын, оларды не үшін және қалай өңдейтінін, кімге беретінін және сенің қандай құқықтарың бар екенін түсіндіреді. Құжат Қазақстан Республикасының «Дербес деректер және оларды қорғау туралы» Заңына сәйкес жасалған.
1.Оператор
Дербес деректерді жинау мен өңдеуді жүзеге асыратын тұлға (оператор):
- Атауы: ЖК Рысбаев (ИП Рысбаев)
- ЖСН (ИИН): 931230350747
- Мекенжайы: Қазақстан Республикасы, Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы
- Дербес деректер бойынша байланыс: info@erkekai.kz
2.Қандай деректер жиналады
Аккаунт деректері: email, пайдаланушы аты, құпиясөз. Құпиясөздің өзі сақталмайды — тек оның Argon2 әдісімен шифрланған hash-і сақталады.
Әңгіме мазмұны: сен ERKEK AI-ға жазған хабарламалар, оның жауаптары, әңгімелердің атаулары және әңгіменің қысқаша мазмұны (summary).
«Жады» (профиль): әңгімелерден автоматты түрде шығарылатын немесе баптауларда өзің енгізген мәліметтер — тіл, жас, отбасылық жағдай, балалар саны, жұмыс, қаржылық жағдай, мақсаттар, әдеттер және маңызды оқиғалар. Бұл жауаптарды саған бейімдеу үшін қолданылады.
Техникалық деректер: кіру сессиялары (қашан ашылып, қашан қолданылғаны), бір күндегі хабарлама саны, серверге жасалған сұраныстардың журналы (IP мекенжай, уақыт).
Сайт жарнамалық немесе бақылау cookie-лерін қолданбайды. Браузеріңде тек жүйеге кіру үшін қажетті token-дер сақталады.
3.Деректер не үшін өңделеді
- Аккаунт ашу, жүйеге кіру және құпиясөзді қалпына келтіру.
- ERKEK AI жауабын дайындау және оны сенің жағдайыңа бейімдеу.
- Әңгімелер тарихын сақтау — кейін жалғастыра алуың үшін.
- Қауіпті жағдайларды анықтап, қауіпсіз жауап беру.
- Сервисті теріс пайдаланудан қорғау және шығынды бақылау (лимиттер).
- Сервистің жұмысындағы ақауларды табу және түзету.
Деректеріңді сатпаймыз және жарнама үшін қолданбаймыз.
4.Деректерді шетелге беру (OpenAI)
ERKEK AI жауаптарын OpenAI компаниясының (АҚШ) жасанды интеллект модельдері дайындайды. Жауап дайындау үшін OpenAI-ға сенің хабарламаң, әңгіменің соңғы бөлігі, қысқаша мазмұны және «жады» мәліметтері жіберіледі. Бұл — дербес деректерді Қазақстаннан тыс жерге (трансшекаралық) беру.
OpenAI өз саясатына сәйкес API арқылы келген деректерді модельдерін үйретуге әдепкі бойынша пайдаланбайды және оларды теріс пайдалануды бақылау мақсатында шектеулі уақыт сақтауы мүмкін. Толығырақ: OpenAI құпиялылық саясаты.
Тіркелу кезінде сен деректеріңді осылай шетелге беруге жеке келісім бересің. Келісімсіз сервис жұмыс істей алмайды.
Сонымен қатар құпиясөзді қалпына келтіру хаттары email жіберу қызметі арқылы жіберіледі — оған тек email мекенжайың және хат мәтіні беріледі.
5.Деректер қайда және қанша уақыт сақталады
Деректер базасы мен серверлер Қазақстан Республикасы аумағында орналасқан.
- Аккаунт, әңгімелер және «жады» — аккаунтың жойылғанша.
- Резервтік көшірмелер (backup) — 14 күн, содан кейін автоматты түрде өшіріледі.
- Құпиясөзді қалпына келтіру сілтемелері — 30 минут жарамды.
- Кіру сессиялары — соңғы қолданылғаннан бастап 30 күн.
- Күндік хабарлама санауыштары — статистика ретінде, жеке мазмұнсыз.
6.Деректер қалай қорғалады
- Сайтпен байланыс тек шифрланған HTTPS арқылы.
- Құпиясөздер мен кіру/қалпына келтіру token-дері тек hash түрінде сақталады.
- Әр пайдаланушы тек өз әңгімелері мен деректерін көре алады.
- Серверге қол жеткізу шектелген, сұраныстарға лимит қойылған.
7.Сенің құқықтарың
Сен кез келген уақытта:
- өзің туралы қандай деректер сақталғанын білуге;
- қате деректерді түзетуді талап етуге;
- деректеріңді және аккаунтыңды толық жоюды талап етуге;
- деректерді өңдеуге берген келісіміңді кері қайтарып алуға құқылысың.
«Жадыдағы» мәліметтерді Баптаулар бетінде өзің көріп, өзгертіп және өшіре аласың. Басқа сұраныстар үшін info@erkekai.kz мекенжайына тіркелген email-іңнен жаз. Өтінішке заңда белгіленген мерзімде жауап береміз.
Аккаунтыңды Баптаулар бетіндегі «Аккаунтты жою» батырмасы арқылы өзің жоя аласың. Сонда аккаунт, әңгімелер, «жады» және кіру сессиялары бірден өшіріледі, ал резервтік көшірмелерден 14 күн ішінде өздігінен кетеді.
Келісімді кері қайтарып алу аккаунтты жоюды білдіреді, себебі деректерді өңдемей сервис жұмыс істей алмайды.
8.Сезімтал ақпарат
ERKEK AI-мен отбасы, қаржы, денсаулық сияқты жеке тақырыптарда сөйлесуге болады. Қаншалықты ашылу — өз шешімің. Әңгімеде ЖСН, банк картасының нөмірі, құпиясөздер және басқа адамдардың жеке деректері сияқты мәліметтерді жазбауды сұраймыз.
9.Жас шектеуі
Сервис 18 жастан асқан адамдарға арналған. 18 жасқа толмағандар тіркелмеуі тиіс.
10.Өзгерістер
Саясат өзгерсе, жаңа нұсқа осы бетте жарияланады және күні жаңартылады. Елеулі өзгерістер болса, сенен қайта келісім сұраймыз.
Сонымен қатар Пайдалану шарттарын оқып шық.